Солтүстік Қазақстан оқушылары 22 қаңтардан бері мектепке бара алмай отыр. Дүйсенбіде күшейген сары аяз әлі бәсеңсір емес. Термометр бағаны күндіз минус 30-35, түнде минус 39 градусқа дейін төмендеуде.
«112» қызметі 26 қаңтар күні ауа температурасының минус 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты ескерту жариялап, бастауыш сыныптарға сабақ болмайтынын мәлімдеді.
СҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер бүгін 20:00-ден ертең 13:00-ге дейін дизельмен жүретін көліктер үшін жолдар жабық екенін хабарлады.
Ауа райы болжамына сәйкес, демалыс күндері аяз біраз шегінеді. Өңірдегі ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі.