СҚО-да 38 жастағы ер адамға іздеу жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында Булаев қаласының тұрғыны Евгений Адреевскийге іздеу жарияланды. Ер адамнан 15 қазаннан бері хабар жоқ, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Polisia.kz

Өңір волонтерлерінің мәліметінше, 1985 жылы туған Евгений Андреевский түнгі сағат 2.00 шамасында М.Жұмабаев ауданы Скворцовка елді мекенінің маңындағы ағаш дайындау орнынан кетіп қалған.

Фото: СҚО ПД

Ер адамның бойы 175 см, арықша келген. Қысқа сары шашты, көк көзді, сол жақ маңдайында тыртығы бар. Ал сол қолының буынында «Ж» әрпі жазылған тату белгісі болуы тиіс.

Ал бұған дейін іздеу жарияланған Виктор Егорьев қайтыс болды. Бұл ер адам да отын дайындап жатқан орыннан түнгі сағат 22.00 шамасында кетіп қалған. 27 жастағы жігіттің денесі Есіл ауданының орталығы Явленка ауылынан 50 км қашықтықта табылды.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның мүрдесі орман ішінде жатқан.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.