СҚО-да 380-нен астам мұз қалашығы салынды
Ішкі саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова орталық алаңдарға, іргелес аумақтарға мұз қалашықтары салынғанын айтты. Жаңа жылдық шырша, жарық гирляндалар, қар фигуралары орнатылып, сырғанақ жасалды. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев қазір қоғамдық орындардағы заң бұзушылықтардың жолын кесуге, жол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті. Полицейлер қару, оқ-дәрі, сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді ұстау ережесін бұзғандарды анықтаумен айналысуда.
Ерік Сұлтанов өңірде жаңа жыл мерекесін өткізу қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды. Мәжіліс барысында әкімдердің есепті кездесулеріне дайындық, оны өткізу мәселесі талқыланды.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет биыл өткен жылғыдай 656 есепті кездесу жоспарланғанын атап өтті. 2016 жылы оған 56 480 адам қатысқан. Солтүстікқазақстандықтар 1951 ұсыныс енгізді.