Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына қатысты ішінара зерттеу жүргізді. Биылғы ІІІ тоқсандағы мәлімет бойынша өңір тұрғындарының 305,6 мыңының жасы 15-тен жоғары. Яғни жұмыс күшінің үлесі – 71,2 %.
Облыс экономикасының түрлі саласында 291 мың адам жұмыс істейді. Бұл жұмысқа жарамды тұрғындардың 67,8 %. Олардың шамамен 52 %-ы – ер адамдар. Жалданып істейтін қызметкерлердің үлесі – 74,8 %, бұл шамамен 218 мың тұрғын.
Жұмысқа жарамды тұрғындардың арасындағы жұмыссыздық үлесі – 4,8 %. Оның ішінде 48,8 %-ын әйелдер құраса, 15-28 жастағылардың арасында жұмыссыз жүргендердің үлесі 2,8 %-ға жеткен.
СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қазіргі уақытта 4,6 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде тұр. Олардың ішінде жұмыс күшіне жататын тұрғындардың үлесі - 1,5 %. Былтыр бұл көрсеткіш 5,9 мың адамды құраған.