Бүгін таңертең волонтерлер, полицейлер, еріктілер және құтқарушылар жоғалған ер адамды іздеуге жиналып шықты. Бұл туралы әлеуметтік желіде жариялап, көмекке шақырды.
Жергілікті волонтерлердің айтуынша, Али Аллахвердиев сағат 19.30 шамасында үйінен шығып, Ауди-80 көлігіне мініп кеткен. Содан бері хабар жоқ.
Али Аллахвердиев 1959 жылы туған. Арықша келген, шашына ақ түскен, шашы қысқа қиылған, көзі жасыл түсті. Сол жақ қолында жеті күмбез бейнеленген тату суреті бар.
Сол күні үстінде тор сызықты көк түсті жейде және көк джинсы шалбар болған.