СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, мерекеге орай әйелдердің белгілі бір санатына бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналарға 10 АЕК - 29170 теңге беріледі. Ал 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 5 АЕК – 14585 теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленбек.
Көмектің осы түрімен өңірде 7 мыңнан астам адам қамтылады. Осы мақсатқа 175,2 млн теңге жұмсалмақ.