СҚО-да 76 мың тонна улы зат ауаға тараған
Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, былтыр өңірдегі барлық ластау көздері 1,2 млн тонна улы зат шығарған. Бұл, 2019 жылмен салыстырғанда 0,8% көп.
Зиянды заттардың басым бөлігі тазарту нысандарына түскен, соның нәтижесінде улы заттардың 94% қоршаған ортаға тараған жоқ. Ал қалған 76 мың тоннасы атмосфераға кеткен. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары.
«Тараған зиянды заттардың жалпы көлемінің 68% газтәріздес және сұйық заттар. Соның ішінде 35% күкіртті ангидрид, 23% жуығы құрамында кремний қостотығы, көміртек тотығы және азот диоксиді бар органикалық емес тозаң», - делінген департамент таратқан хабарламада.
Жалпы СҚО-да ауаға зиянды зат бөлетін 15 056 стационарлық ластау көзі бар. Олар 2 200-ден астам кәсіпорында орналасқан.