Ұлттық бірыңғай тестілеуге 3 614 немесе 64% солтүстікқазақстандық мектеп бітіруші түлектер қатысқан. Ұстаздар ҰБТ тапсырушылардың 4% артқандығын айтты. 8 пункт жұмыс істеді.
Айдос Мұқатаевтың айтуынша, аудиторияларда 65 бақылау камералары, 7 бейнетіркеу, 48 ұялы телефон байланысын жойғыш және екі металл іздегіш орнатылды. Оқушыларды тестілеуден шығарып жіберу жағдайы болмаған.
«Облыс бойынша ҰБТ-ның орташа балы 77-ні құрады, бұл жалпы республикалық көрсеткіштерден сәл төмен. Жалпы республикалық көрсеткіш - 80,5 балл. Ең жоғары 134 балл алған 1-інші лицей түлегі Нұрсан Валеев болды», - дейді Айдос Мұқатаев.
Облыс аудандары мен қалалары арасында орта балдық көрсеткіш бойынша бірінші орында Петропавл тұр - 82,3 балл, екінші Ғ.Мүсірепов ауданы - 80,40, үшінші - Уәлиханов ауданы - 80,3 балл.
19-20 шілде күндері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында былтырғы жылдың мектеп бітірушілері мен колледж түлектерінің кешенді тестілеуі өтті. Оған 798 адам қатысты, орташа балл 38,3-ті құрады. 1 тамыздан бастап ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініштерді қабылдау басталады.