Әлеуметтік желілерде қыс мезгілінің алғашқы белгілері бейнеленген кадрлар тарап жатыр. Мамлют ауданы Новомихайловка ауылының тұрғыны түнде жауған алғашқы қарды бейнежазбаға түсіріп, желі қолданушыларымен бөлісті.
«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өңірде ауа райының қолайсыздығы әлі де сақталады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 5 қазан күні облыстың батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін.
Петропавлда да қар аралас жаңбыр жаумақ. Жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін.
Бұған дейін Қазақстанның 16 облысында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпіні 28 м/с-қа дейін жететін жел болатыны болжанып, ауа райына қатысты ескерту жарияланғанын жазған едік.