СҚО-да алты айда 20 әскери қызметші баспаналы болды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл гарнизонының 20 әскери қызметшісі мемлекеттік бағдарламалар аясында баспанаға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр ҚР Қорғанысістері министрлігінің қолдауымен әскери қызметшілердің баспана мәселесін шешумақсатында «Әскери баспана» бағдарламасы іске қосылды.

Солтүстік Қазақстаноблысы бойынша Қорғаныс істері департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012жылдан бастап жалдамалы пәтерде жүрген әскерилерге өтемақы төленіп келсе, ендіол тұрғын үй төлемдеріне ауыстырылды. Яғни, қаражат бұрынғыдай қызметшілердіңқолына берілмей, екінші деңгейлі банктерде ашылған арнайы жеке шоттарғааударылады. Осы аударымдарды әр әскери қызметші «Әскери баспана», «7-20-25»және «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы баспана алуға жұмсай алады.

«Бұдан басқа«7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік бар. Несиеніңмөлшерлемесі жылына 7%-дан аспайды және төлеу мерзімі де тиімді. Мұның бәріәскери қызметшілердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған», - дейді СҚО Қорғанысістері департаменті бастығының орынбасары Дәулет Толыбай.

Департаменттің әскергешақыру бойынша бөлімінің бастығы Әнуар Ибраев бүгін қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл күнді ол 10 жылға жуық күткен екен.2008 жылы әскери қызметке орналасқан ол содан бері отбасымен пәтер жалдапкелген екен.


«Екі қызым бар. Өзүйің, шаңырағың болмағандықтан отбасымен бірге көшіп жүру қиын екен. Қазір,міне, еңбек демалысым жағымды машақатпен өтіп жатыр. Негізі былтыр баспанаалуға өтініш тастаған едік. Белгілі себептермен берілмеді. 1 ай бұрын қайтаөтініш жазып, бүгін 3 бөлмелі пәтерге кіріп жатырмыз. Біздің «Тұрғын үй-құрылысжинақ банкінде» 10 айдай жинаған ақшамыз болды. Ол бастапқы жарна ретіндеалынды. Мен әскери қызметтен зейнетке шыққанға дейін төлем жасалады. Зейнеткешыққан кезде бұл пәтер менің атыма аударылады», - дейді қуанышымен бөліскенӘнуар Ибраев.

СҚО Қорғаныс істерідепартаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Әбжаппарованың айтуынша,баспанасы жоқ әскери қызметшілердің барлық санаттағы мамандары үшін бірыңғайтұрғын үй төлемі жасалады. Сонымен қатар әскери салада 20 және одан көп жылеңбек еткен әскерилерге қызметтік үйді өтеусіз жекешелендіру құқығы қайтарылды.Ал қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз етілген әскери қызметкерлерге екіншідеңгейлі банктердегі жеке арнайы шоттарына тұрғын үй төлемдерінің 50% аударылады. Тұрғын үйлермен қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілерге екіншідеңгейлі банктердегі жеке арнайы шоттарына тұрғын үй төлемдерінің 100% салынады.

Жалпы, СҚО-да жартыжылдың ішінде 20 әскери қызметші «Әскери баспана», ­«7-20-25» және ­«Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша баспаналыболды. Тағы 40-қа жуық әскери қызметшіге тұрғын үйді жалдап тұрғаны үшінақшалай өтемақы төленуде.

Соңғы жаңалықтар