СҚО-да Армениядан әкелінген 193 автокөлік тіркелді

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 193 жүргізуші армян нөмірлері бар көліктерін тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Армения Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеу 1-ші маусым басталса, 1 қыркүйек аяқталмақ.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы қаулысында белгіленген мерзімнің аяқталуына 2 аптадан аз уақыт қалды. Көлік иелерін жақын арада өз мәселелерін шешуге шақырамыз. Тіркеу үшін 11 946 теңге қажет. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы құжаттарды сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Қысқа мерзімде «сары нөмір» алу үшін барлық жағдайлар жасалған», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

1 қыркүйекке дейін басқа өңірлердің тұрғындары егер оларға СҚО-да ауыстыруға қолайлы болса, Петропавл қаласының арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.

«Армян нөмірлері бар көлікті тіркеу үшін жеке басты куәландыратын құжат, мемлекеттік тіркеу жарнасын төлеу туралы құжат, Армения Республикасының уәкілетті органы берген көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі және көлік құралының қауіпсіздігі туралы сертификат қажет», - дейді тәртіп сақшылары.

Петропавл қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан. СҚО ПД Процессинг орталығының «Call-орталығы» қауырт желісіне 32-00-19, 32-00-22, 8-776-297-84-32 телефон нөмірлері арқылы хабарласып, кеңес алуға болады.


Соңғы жаңалықтар