СҚО-да арнайы жасақ қызметкерлері балаларға қоян-қолтық айқас әдістерін көрсетті

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері «Жас Арлан» әскери-патриоттық клубының жас тәлімгерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, полицейлер50 балаға өз кәсібі туралы айтып, қаруларды, арнайы құралдар мен қылмыскерлердіұстау амалдарын көрсетті.

«Біз балаларға жұмысымызды көрсетіп, құқық қорғау органдарындағы қызметтуралы айттық. Бүгінгі кездесудің мақсаты – балаларға полиция қызметкерлерініңқоғам игілігі үшін күн сайын жауапты қызмет атқарып жүргені туралы хабардарету. Балалардың Отанға деген махаббаты, патриоттық сезімі оянғаны қуантыпотыр», - деді Жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Ерлан Базарбаев.

Балаларға қару қолдану арқылы көрсетілген әдістер ерекше әсер етті. Жасарландықтар полиция офицерлері үйренетін, жаттығатын және кезекшілік ететінспортзал, оқу сыныптары, спорт трофейлері көрсетілген стендтерді тамашалады.

«Жас Арлан» клубы 2018 жылдың күзінде Ауған және жергілікті соғысардагерлері одағының бастамасымен ашылды.

Жас Арлан» әскери-патриоттық клубының басшысы Ерік Тәттібаевтыңайтуынша, клубқа 100-ден астам бала барып жүр.

«Біздегі сабақтар үш бағыт бойынша өтеді: алғашқы әскери дайындық,жалпы дене дайындығы мен өзін-өзі қорғау. Барлық нұсқаушылардың жоғарыбілімдері бар: дене шынықтыру, педагогикалық, әскери, заңгерлік.Әскери-патриоттық клубтағы сабақтар тегін өтеді. Оған өтудегі басты талап –медициналық анықтаманың болуы», - деді Э.Тәттібаев.

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар