СҚО-да астық тасымалдаушы кеме құрастыратын ең ірі зауыт ашылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әкімдіктің отырысында бірнеше зауыттың ашылатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірге инвестиция тарту туралы сөз облыс әкімдігіндегі отырыста қозғалған. Индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жеңіс Асановтың айтуынша, былтыр өсім 11%-ды құраған.

Қ.Ақсақалов жоспарда трансформаторлық зауыт ашу бар екендігін атап өтті.

«ЗИКСТО базасында вагон құрастыру зауыты ашылады. Бұл - жаңа зауыт. Ол жерде ескі аумақты бұзып жатыр. Ескірген цехтардың орнына заманауи кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл Қазақстандағы ең ірі платформа мен дәнді-дақыл таситын кеме зауыты болмақ», - деді облыс әкімі.

Құрылыс аумағы 37 мың шаршы метрді құрайды. Зауытта жылына 5 мың вагон шығару жоспарлануда.

Қ.Ақсақалов экономикаға инвестиция тарту бойынша көш бастап тұрған Ресейдегі Татарстан мен Калужск облыстарының тәжірибесін зерттеуді ұсынды.