СҚО-да ауруханаларға 1 млрд теңгенің заманауи қондырғысы орнатылды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін биыл 3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қаражат өткенжылдармен салыстырғанда 2,5 есе артық. Қазірдің өзінде өңірдің ауруханаларына 1млрд теңгенің заманауи қондырғысы жеткізілді.

СҚО ауруханағакомпьютерлік томограф сатып алынса, облыстық онкологиялық диспансерге цифрлымаммограф әкелінді. Аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға соңғы үлгідегі4 ультра дыбыстық зерттеу аппараттары қойылды. Солтүстікқазақстандықтарға ендіқымбат тексерулерден өтіп, емделу үшін Ресейге немесе елордаға барудың қажетіжоқ.

Жақында облыстағыжалғыз, алайда ескірген, жүргенінен істемей тұрғаны көп магнитті резонанстықтомографтың орнына жаңасы алынбақ. Бұл қондырғы осыдан 11 жыл бұрын сатыпалынған екен. Мамандардың айтуынша, бүгінде МРТ жиі істен шығады, жаңғыртуғажарамайды. Сондай-ақ облыстық ауруханаға келесі жылы ангиографты сатып алужоспарланған.

Бұдан басқаоблыстың емдеу мекемелерінің автопаркін жаңарту үшін 20 санитарлық көлік алужоспарланған. Денсаулық сақтау нысандарына да ағымдағы және күрделі жөндеужүргізілмек.

Соңғы жаңалықтар