СҚО-да ауыл әйелдері арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған семинар өтіп жатыр

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Ауылдық аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» жобасы аясында екі күндік семинар өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен»кәсіпкерлер палатасы СҚОФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандардан келгенкәсіпкерлер қаржылық сауатын шыңдап, бизнесті дамытуға бағытталғанқаржылай қолдау тетіктерімен танысады.

Семинарды«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Азия даму банкі ұйымдастырған.

Солтүстік Қазақстан облысы – ауыл кәсіпкерлерін жинаған алтыншы өңір. 40 әйелекі күн бойы бизнесті табысты жүргізуге қажет білім алады. Оның ішіндебизнес-жоспарды дұрыс құру, PR бизнес, маркетинг, нетворкинг – қажетті таныстықтыдамытуды үйренеді және заң, қаржы аспектілерін зерделеп, зерттейді. СеминарғаАзия даму банкінің өкілі Рафаэль Акуино арнайы келді.

«Атамекеннің»қолдауымен біз әйелдер кәсіпкерлігіндамытуды жоспарладық. Олар өз кезегіндежергілікті экономиканы дамытуға атсалысады. Халықты жұмыспен қамтиды. Осы екікүн ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға басты кедергілерді анықтап,көмектесуге тырысамыз», - дейді Азия даму банкі өкілдігінің операциялықмәселелер бойынша сарапшысы Рафаэль Акуино.


Ұйымдастырушылар семинарғамаңғыстаулық кәсіпкер Шолпан Түсіпбекованы бизнес-тренер ретінде арнайышақырған. Ол өз тәжірибесін негізге ала отырып, мықты әрі табысты кәсіпорынқұрудың қыр-сырымен бөлісті.

«Бизнестіжетістікке жеткізу үшін өзіңнің де жеке басыңды үнемі дамытып отыру қажет. Мұныбизнеске келген қыз-келіншектер түсінуі керек. Ал қалған қажетті қолдаудыбүгінде кәсіпкерлер палатасы толығымен көрсетіп жатыр. Кездесуге біз түрлі қаржыұйымдарының өкілдерін де шақырдық. Олар өз өнімдері жайында айтады», - дедіШолпан Түсіпбекова.

Аққайың ауданыныңтұрғыны Әсем Тұрсынбаева - өз кәсібін енді бастап жатқандардың бірі. Ол керметөбе монтаждайтын фирма ашқан. Әсем - «Бастау Бизнестің» түлегі.

«Бастау Бизнес» жобасыбізге жол ашты. Сол жерде алған білімімді қолданып, жеке кәсіпкерлікті іскеқостым. Грантқа қондырғы сатып алдым. Маусым айынан бері жұмыс істеп жатырмын.Қызметіме сұраныс бар. Бұл семинарда өз кәсібімді дамытуға қажет білім алғымкеледі», - дейді Әсем Тұрсынбаева.

Мамандардыңмәліметінше, СҚО-да 290 мың әйел тұрады. Оның 44 мыңы - өзін-өзі жұмыспенқамтып отырғандар. Өңірдегі 37мың шағын және орта бизнес субъектілерінің 45%-ын қыз-келіншектербасқарып отыр.

Соңғы жаңалықтар