"Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық бұзушылар, жаңа әкімшілік заңнамаға сәйкес, егер хаттаманы ттолтырған сәттен бастап 7 тәуліктің ішінде айыппұлын төлесе, 50 пайыз жеңілдік жасалады. СҚО-да бұл құқығын жол қозғалысы ережелерін бұзған аймақтың 397 тұрғыны пайдаланды", - делінген хабарламада.
Олардың көбі көлікті жүргізе отырып, телефонмен сөйлескені, қауіпсіздік белдіктерін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл төлеуде ақшасын үнемдеп қалғандардың арасында жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен жаяу жүргіншілер де бар.