СҚО-да балабақшамен толық қамтамасыз ету мәселесі 2017 жылға дейін шешіледі (ФОТО)
Балабақша құрылысын 2016 жылдың маусымында аяқтау жоспарланған. Құрылыс жұмыстары үстiмiздегi жылдың маусым айында басталды. Жобаның құны - 700 млн теңге. Балабақша қолданысқа 2016 жылы берiледi деп жоспарланған. СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың үштен алты жасқа дейiнгi балаларды балабақшада орындармен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша 2017 жылға дейін шешiлетiн болады деп атап өттi. Гүлшара Әбдiқалықова өз кезегiнде мүмкiн болғанша балаларды орынмен қамтасыз ету үшiн балабақшалар функционалды болу қажет екенiн атап өттi. Қазiргi таңда мемлекеттiк-жеке әрiптестiк аясында өңiрде 800 орынға шақталған үш балалбақшаның құрылысы аяқталуда. Бұдан басқа, концессиялық жобалар аясында тағы үш балабақшаның құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жалпы 2015 жылдың басынан 414 мектепке дейiнгi бiлiм беру орындары ашылды.