Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауыл тұрғыны 31 тамыз күні көлде балық аулаймын деп суға кеткен. Оның денесі тек 10 қыркүйекте ғана табылды.
«Жедел іздестіру-құтқару жасағы оқиға орнына шұғыл жеткен. Осы кезге дейін құтқарушылар су түбінің 2100 шаршы метрін және көлдің айналасын тексерді. Ер адамның денесі сараптамаға жіберілді», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Жыл басынан бері өңірде осымен екінші рет балықшы суға кетті.
Құтқарушылар қайықпен балық аулауға шықпақ болғандарға міндетті түрде құтқару жилетін кию қажет екенін ескертеді.
17:25, 11 Қыркүйек 2018
СҚО-да балық аулап жүрген тұрғын суға кетті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 64 жастағы ер адам суға батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.