СҚО волонтерлері әлеуметтік желіде жоғалған Болат Ақиевтің фотосы мен ол туралы ақпаратты жариялады.
Волонтерлердегі мәлімет бойынша, 31 жастағы жігіт 6 қаңтар күні сағат 19.30 шамасында Шал ақын ауданы Ступинка елді мекені маңындағы көлге балық аулауға аттанған.
Содан бері төрт күн өткенімен, туған-туыстары одан хабар ала алмай отыр.
Болаттың бойы 180 см, арықша келген, қысқа қара шашты.
Сол күні жігіттің басында қызыл жолағы және «тик-ток» деген жазуы бар қара бас киім болған.
Үстіне капюшоны бар көк камуфляж костюм киіп шыққан.
Сондай-ақ жылы қара күрте, көк түсті спорт шалбары, ақшылт футболка, жасыл резеңке етік пен тоқыма қоңыр шұлық болған.
Жігітті көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе «102» нөміріне хабарласа алады.
Ал бұған дейін із-түзсіз кеткен Сергей Денисовтің қайтыс болғаны анықталды. 1977 жылы туған ер адамға 2020 жылдың 25 ақпанында іздеу жарияланған еді.
Фото: instagram.com/volonterypetropavl