Құзырлы ведомстводан хабарланғандай, 30 жастағы шетел азаматы интернет арқылы банк карталарынан ақша ұрлаған. Жалпы, жымқырылған шығын 5 млн теңге болып отыр.
«Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам банктің қорғаныс жүйесінің мінін тауып, бөтен адамдардың ақшасын пайдалануға жол ашатын арнайы компьютерлік бағдарлама жасап шығарған. Осылайша, қолға түскен ақшаны ол өзі мен туыстарының банктік шоттарына жіберіп отырған. Анықталғанындай, күдікті Петропавлға әке-шешесіне келген», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188 және 190-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тінту барысында күдіктіден ноутбук табылып, ол сараптамаға жіберілген. Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталу үстінде.