СҚО-да барлық бағыттағы жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты барлық бағыттағы жолдарда көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдарда қатты жел, көктайғақ, боран, көріністің шектелуі сынды апатты-қауіпті жағдай қалыптасуда. Сағат 20.00-ден бастап облыстық маңызы бар және аудандық Есіл және Тайынша автожолдары жабылды.

Бұған дейін республикалық маңызы бар Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы, Петерфельд-Архангельск-Новокаменка, Көкшетау-Рузаевка, Екатеринбург-Алматы, Жезқазған-Петропавл, Мамлютка-Қостанай, Астана-Петропавл, Челябі-Новосібір жол учаскелеріндегі барлық көлік құралдары үшін қозғалыс жабылған еді.

Айта кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.