СҚО-да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 649 адам тіркелді

None
ТРОПАВЛ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бір күн бұрын Солтүстік Қазақстан облысында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға депуттаттыққа үміткерлерді тіркеу кезеңі аяқталды. Бүгін тіркелген үміткерлер үгіттік шараларын бастады.

Солтүстік Қазақстан облысының сайлау комиссиясында хабарлағандай, облыста барлығы 697 үміткер ұсынылды, облыстық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 649 адамды тіркеді. Соның ішінде облыс бойынша - 99, аудандар бойынша - 486, Петропавл қаласы бойынша - 64 адам бар.

Саяси партиялардың атынан депутаттыққа 225 адам ұсынылды, олардың барлығы облыстық сайлау комиссиясымен тіркелген, соның ішінде «Нұр Отан» ХДП - 217, «Ақжол» партиясының атынан - 4, «Руханияттан» - 1, Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан - 3 адам шықты. Тіркеу кезеңі барысында облыстық сайлау комиссиясына ешқандай шағымдар мен ескертулер түскен жоқ.

Облыста барлығы 739 сайлау учаскесі құрылған, олар өз жұмысын 15 желтоқсанда бастады. Барлық учаскелік сайлау комиссиялары қажетті көрнекі үгіт материалдарымен, сайлауды өткізу ережелеріне қатысты әдебиетпен, керекті техникамен қамтылған.

Сайлауға дайындық бойынша жұмыстар жалғасуда, жақын күндері сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту семинарлары басталды, оларды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері өткізді. Сондай-ақ олар оқыту үшін облыстың аудандарына да барады.