СҚО-да би алаңы ашылды
Бұл жерде арнайы орын әзірленген, оған би әуесқойлары жиналатын. Бұл туралы СҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Шығармашылық ұжымдар тұрғындар үшін үздік нөмірлерін дайындады. Әртістер би алаңы петропавлдықтардың сүйікті кездесу орнына айналатынына үмітті. Ән айтуға әуес жандарға караоке орнатты.
Қазақстан Республикасының халық әртісі Людмила Ванюкова-Турпаян қалалық саябақтағы мұндай өзгерістерге разы және облыс басшылығына үлкендерге деген құрметі үшін алғысын білдіруде.
«Мен саябақ маңында тұратынмын, үнемі алаңға келетінбіз. Биледік, араластық. Қазір саябақ көркейді. Облыс басшылығына қамқорлығы үшін рахмет», - деді Людмила Николаевна.
Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының солисі Николай Колокольчиков қала тұрғындары алаңның ашылуын күткенін атап өтті.
Енді музыкалық кештер әр жұма, сенбі және жексенбі күндері өтеді.
Атап өту керек, алаң Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен ашылды.