СҚО-да биыл прокурорлардың араласуынан кейін 49 мың га жер қайтарылды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты қолданылуын тексеріп, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Бұл жұмыстың нәтижесі бар.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы 49 мың га асатын жерлерді мемлекетке қайтарды.
Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушыларынан 42 жер телімі алынды. Олар жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскені дұрыс пайдаланбаған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр.
Жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жерлерді ауылдық жерлерде тұратын адал субъектілерге пайдалануға бермек.
Бұған дейін СҚО-да 45 елді мекен жабылатындығын айтқан едік.