«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, маусымда орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2°С-қа жоғары болады. Әдетте бұл айда орташа температура 17,7… 19,0°С шамасында қалыптасқан.
Жаңбыр көпжылдық көрсеткішке сай 37–49 мм аралығында жауады деп болжанған.
Жаздың ең ыстық айы – шілдеде ауа температурасы көпжылдық нормаға сай болмақ. Бұл айда орташа температура 18,7… 20,3°С аралығында сақталады.
Жауын-шашын мөлшері, облыстың солтүстік бөлігін қоспағанда, негізінен қалыпты деңгейде болады. Ал солтүстік өңірлерде көрсеткіш сәл жоғарылауы мүмкін. Көпжылдық норма – 56–81 мм.
Тамыз айында ауа температурасы орташа көрсеткіш 17,0… 18,2°С нормадан 1–2°С-қа жоғары болады деп болжанған. Ал жауын-шашын әдеттегідей 42–54 мм мөлшерінде болмақ.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қаупі жоғары маусымның басталуына табиғатта және су жағасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырғанын жазған едік.