СҚО-да былтыр жұмыс орнында 11 адам қайтыс болған
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр жұмыс орнында жазатайым оқиға кезінде 38 адам зардап шеккен, оның 11-і қаза тапты.
Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің 23,7% - әйелдер, қайтыс болғандар арасында әйелдер болған жоқ. 2022 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны 7,3% азайған.
Өткен жылы барлық зардап шеккендердің 65,8% – жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдарда, 26,3% – мемлекеттік және 7,9% – шет елдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кәсіпорындарда жұмыс істеген.
Өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің әрбір үшіншісінің дерлік біліктілігі болмаған жұмысшы.
Зардап шеккендердің ең көбі - 12 адам өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істеген.
Өндірісте жарақат алудың негізгі себептері - өрескел абайсыздық, салдарынан 13 жұмысшы зардап шеккен. Екінші орында жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы тұр, осылайша 12 жұмысшы жарақаттанған. Ал қауіпсіздік және еңбек қорғау қағидаларын бұзудан 5 адам зардап шекті.
12 адам құлап жарақат алды; зиянды және қауіпті өндірістік факторлар мен заттардың әсерінен – 6; заттардың, материалдардың қирауынан, жердің опырылуынан, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсерінен 5 адамнан зардап шекті.
Өндірісте 8 адам жабық сынық алды, 6 адамның миы шайқалып, ішкі ағзалары жарақаттанған, 5 адамды жәндіктер шағып алған.
Өндірісте болған жазатайым оқиғалар бойынша былтыр 100 млн теңге шамасында материалдық төлем жасалған, оның 94,8 млн теңгесі – біржолғы жәрдемақылар, ал 5,4 млн теңге еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленді.
Бұған дейін Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 31 отбасының баспаналы болғанын айтқан едік.