СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, маусым айында коронавирусты 503 адам жұқтырса, шілдеде ауырғандардың саны 2601-ге жетті. Ал тамыздың он күнінде КВИ-ді 1383 адам жұқтырды.
Қайтыс болғандар саны да күрт артты. 2 тамыздан бастап өңірде 16 адам қауіпті инфекциядан көз жұмды. Оның үшеуі өткен тәулікте қайтыс болды. Қазір инфекциялық стационарларда 781 адам емделіп жатса, соның 56-сының жағдайы аса ауыр.
Коронавирусты жұқтырудан Петропавл алда келеді. Ауырғандардың жартысына жуығы облыс орталығына тиесілі.
Өткен тәулікте СҚО-да КВИ жұқтырудың жаңа 156 жағдайы тіркелді. Ауырғандардың жалпы саны 19 272 адамға жетті. Тәуір болғандар – 17 631. Инфекциялық стационарларда 1715 орын болса, ол шамамен 48 %-ға толған.