СҚО-да бір қалада және 32 ауылда әкімдер сайланады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 27 тамыз күні аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, әкім сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты – Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын аудандарында, ал әкідер өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты – Айыртау, Аққайың, Есіл, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тимирязев, Шал ақын аудандарында өтеді.

Жалпы әкім сайлауы аудандық маңызы бар бір қалада және 32 ауылдық округінде өтеді:

Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округі;

Айыртау ауданының Гусаков ауылдық округі;

Айыртау ауданының Нижний-Бурлук ауылдық округі;

Айыртау ауданының Қамысақты ауылдық округі;

Ақжар ауданының Кіші-Қараой ауылдық округі;

Ақжар ауданының Қулыкөл ауылдық округі;

Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округі;

Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округі;

Есіл ауданының Алматы ауылдық округі;

Есіл ауданының Спасов ауылдық округі;

Есіл ауданының Тораңғұл ауылдық округі;

Жамбыл ауданының Архангельск ауылдық округі;

Жамбыл ауданының Кладбинка ауылдық округі;

Жамбыл ауданының Преснов ауылдық округі;

Мағжан Жұмабаев ауданының Возвышенка ауылдық округі;

Мағжан Жұмабаев ауданының Чистов ауылдық округі;

Қызылжар ауданының Березов ауылдық округі;

Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округі;

Мамлют ауданының Станов ауылдық округі;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Көкалажар ауылдық округі;

Тайынша ауданының Донецк ауылдық округі;

Тайынша ауданының Красная Поляна ауылдық округі;

Тайынша ауданының Тайынша қаласы;

Тимирязев ауданының Ақсуат ауылдық округі;

Тимирязев ауданының Мичурин ауылдық округі;

Шал ақын ауданының Аютас ауылдық округі

Шал ақын ауданының Семиполка ауылдық округі.

Осыған орай 19 шілдеде облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді, облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді.