СҚО-да бір жасар қыз суға тұншығып өлді

None
ПЕТРОПАВЛОВСК. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір жасар қыз суға батып кетті, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға Тимирязев ауданының Докучаево ауылында болған.

«Жер үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған бір жасар қыз су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді. Баланың денесін анасы тауып, судан шығарып алған», – деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Нұрлан Атығаев брифингте.

Бұл – өткен аптада баланың өліміне апарып соққан екінші жағдай. Осыған дейін Айыртау ауданында терезеден құлап кетіп, үш жасар бала көз жұмғандығын хабарлағанбыз.