Қайғылы оқиға Тимирязев ауданының Докучаево ауылында болған.
«Жер үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған бір жасар қыз су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді. Баланың денесін анасы тауып, судан шығарып алған», – деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Нұрлан Атығаев брифингте.
Бұл – өткен аптада баланың өліміне апарып соққан екінші жағдай. Осыған дейін Айыртау ауданында терезеден құлап кетіп, үш жасар бала көз жұмғандығын хабарлағанбыз.