Бұған дейін жартыжылдықтың қортындысы бойынша үш ауданның әкімі сөгіс алған болатын. Енді олардың қатарына жұмысында салғырттық танытқан тағы бірнеше шенеунік қосылды.
СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіптік жазаны қолдануға өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы себеп болған.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармаған Жамбыл ауданының әкіміне – қатаң сөгіс, Айыртау ауданының әкіміне - сөгіс және Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісіне сөгіс жарияланды.
Еске салайық, өңір басшысы 9 айдың қорытындысына сәйкес аппаратқа тиісті ұсыныстарды жасауды тапсырған болатын.
Айта кетейік, Жамбыл ауданының әкімі алты айдың көрсеткіштері бойынша да сөгіс алған болатын.