СҚО-да биыл 32 елді мекенді таза сумен қамтуға 9,1 млрд теңге бөлінді

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауылдарды таза сумен қамтуға биыл 40 пайызға артық қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СолтүстікҚазақстан облысына«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында таза сумен қамтуға биылреспубликалық қазынадан 9,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы негізінен Есіл ауданымен Тимирязев аудандарындағы 26,5 мың тұрғыны бар 32 елді мекенге жұмсалмақшы. Бүгіндеауылдарда жұмыс қызған, мердігер компаниялар 135 шақырым торапты қыс түскеншетартып бітіруі қажет.

Есілауданының Николаевка ауылында 1300-дей адам тұрады. Қазіргі таңда мұнда барлықүйлерді орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін санация әдісімен су құбырынтөсеу жұмыстары жүргізілуде. Кезінде жер астында қалған ескі құбырларға жаңақұбырлар жалғанып, құдықтар тазаланады.


«Ескіге жаңақұбырларды жалғап қана қоймай, сонымен қатар біз ауыл тұрғындарына өз үйлерінекөлденең бұрғылау әдісімен су құбырын тартуға көмектесеміз. Оның бағасы метріне3 мың теңге. Зейнеткерлер мен көп балалы отбасыларына жеңілдігіміз бар.Техникалық құжаттарға сәйкес ауылға 37 құдық қоямыз», - дейді мердігер ВадимГригорьев.

Осы күнгедейін Николаевка ауылының 15-ке жуық отбасы өз үйлеріне су кіргізді. Солардың біріЕрбай Оспанов. Ол бұған дейін ауыз суды ауыл шетіндегі мұнарадан 1 флягісін 20теңгеге сатып алатын. Ал бақша мен малды суару үшін ауласына ұңғыма орнатқан.

«Жалғағандарына1 апта ғана болды, суды әлі қосқан жоқ. Жиырма жылдан артық қиындық көрдік. Судыңенді үй ішінде болатындығына қуанып жүрміз», - дейді ауыл ақсақалы ЕрбайОспанов.



Республикаданбөлінген қаражатқа қосымша облыс қазынасынан да 465 млн теңге осы салағажұмсалмақ. 208 шақырым су торабына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 28 мың тұрғыныбар 41 ауылдың су мәселесі шешілмекші. Бұл жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердің 62,4% орталықтандырылғансу желісіне қосылады.

Соңғы жаңалықтар