СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілдеге қараған түнде «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында петропавлдық полицейлердің назарына 13 жастағы екі жасөспірім түсті. Олар Н.Назарбаев көшесінде ересектердің қарауынсыз жүрген. Ата-аналары «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту берілді.
«Ювеналды полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде компьютерлік клубтарды, диско-барларды, сонымен қатар, аулалар мен тұйық көшелерді – түнде жасөспірімдер көп жүретін орындарды тексереді. Осындай рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің осындай 7 дерегі анықталды. Екі кәмелетке толмағанның алкогольдік ішімдік ішу фактісі тіркелді. Сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасылар да бақылауға алынған. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін көшеде ересектерсіз жүруіне болмайтынын естеріңізге саламыз», - дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.
Жыл басынан бері СҚО-да 620 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 40-ы – кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені, 19-ы – балаларының көңіл көтеру орындарында болғаны, 426-сы тұрғын үйден тыс жерде түнгі уақытта болғаны үшін жазаланды.