СҚО-да биыл 7 мектеп жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл мектептердің саны жетеуге қысқарып, тағы соншасы оқушылардың санына қарай орта мектептен негізгіге, негізгіден бастауышқа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен оқу жылындаөңір бойынша 485 мектеп болса, биыл қыркүйектің 1-і 479 білім ордасы балалардықабылдайды. Оның 78 пайызы шағын комплектілі білім беру мекемелері. Талапқа сайкелмейтін Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар және Тайынша аудандарының 7 мектебі жабылды.Бұған бала санының аздығы себеп болған, мемлекеттік норматив бойынша оқушы5-еуден кем болмауы тиіс.

«Елді мекендегібілім беру ордасында оқушы саны 5 немесе одан да көп болуы қажет. Негізгімектепте 1-9 сыныпқа дейінгі оқушы саны 41 ден асу керек, орта мектепте 1 мен11 сынып аралығында 81 білім алушыдан кем болмауы керек. Мектепті жабу туралышешім шығарыларда «Білім» туралы заң негізге алынады. Бірнеше жыл мектептіңдамуы, кадр саны бақылауға алынады. Жабу туралы соңғы шешімді аудан әкімдігіқабылдайды», - дейді облыстық Білім беру басқармасының бас маманы НатальяСербина.

Сондай-ақ Айыртау,Ақжар және Тайынша аудандарында 3 білім беру мекемесі орта мектептен негізгіге,4-еуі негізгіден бастауышқа ауысты. Қайта құрылған және жабылған мектептердің оқушылары жақын маңдағы білімордаларына арнайы көлікпен жеткізіледі.

Биыл Петропавлқаласындағы Береке ықшам ауданында 600 орынға шақталған жаңа мектеп қолданысқаберіледі. Ал облыс бойынша бірінші сыныпқа 9 мыңға жуық бүлдіршін бармақшы.