Облыста 129 автобус бағдары жұмыс істеуде. Тұрақты автобус қатынасымен 79 пайыз, немесе 443 ауылдың 350-і қамтамасыз етілген.
2021 жылы 54 әлеуметтік маңызы бар бағдарларды субсидиялауға 745 млн теңге жұмсалды.
2022 жылға субсидияланатын бағдарларды ұлғайту арқылы 1,1 млрд теңге қарастырылған.