Оның 4 мыңға жуығы – өткен аптада тіркелген. Сондай-ақ, сырқаттанғандардың шамамен 2,5 мыңы – 14 жасқа дейінгі бала.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жалпы ауырғандар арасында балалардың үлесі жоғары, қазан айынан бері 13,2 мың бала ауырған.
Сонымен қатар өңірде өткен аптада А/H1N1-09-ды, халық арасында «шошқа тұмауы» аталған дертті жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді.
Мамандардың айтуынша, СҚО-да тұмауға қарсы вакцинация жұмыстары жалғасқан. Иммундау науқаны 2026 жылғы 6 қазанда басталған. Тұрғындарды вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол Плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды. Екпе ең алдымен медицина қызметкерлеріне, диспансерлік есепте тұрған балаларға, балалар үйлері мен қарттар үйінде тұратын азаматтарға, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдарға, жүкті әйелдерге, мектеп оқушыларына, егде жастағы тұрғындар мен басқа да қауіп тобындағы азаматтарға арналған. Вакцинация тіркелген емхана бойынша тегін жүргізіледі. Қазіргі таңда облыста қауіп тобына жататын 55,2 мың адамға тұмауға қарсы екпе салынды.
Бұған дейін Астанада тұмаудың A(H1N1) түрі анықталғанын жазған едік.