СҚО-да бір аптада 3 мың адам ЖРВИ жұқтырды

Фото: Астана әкімдігі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында осы эпидемиологиялық маусымда 58 мыңға жуық адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 8,4% төмендеген. 

Ауырғандардың 64% — 37 мыңнан астам адам 14 жасқа дейінгі балалар.
Соңғы аптада 3 мың ЖРВИ-ді жұқтыру жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық шамамен сол деңгейде қалып отыр.

Эпидемиологиялық маусымда A (H3N2) тұмауының 221 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі 89 бала ауырған, қалғаны ересектер.

Облыста бұдан бөлек, тұмауға жатпайтын вирустардың 59 жағдайы анықталды. Басым үлесі — риновирустар — 32 жағдай, бокавирустар — 10 жағдай, аденовирустар — 4 жағдай, РС-вирус — 13 жағдай.

Дәрігерлер ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайтындығын еске салады. Мұндайда бірден медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақырып, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. 

Бұған дейін Алматыда 15 мың тұрғын ЖРВИ мен тұмау жұқтырғанын жазған едік.