Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына және тағы үш адамның ауруханаға түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды, тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді.
Бұған дейін Петропавлда Қазақстанның 5 кәсіпорнының 25 маманы қағаз өндірісіне қатысты қысқамерзімді курстан өтіп жатқанын жазған едік.