СҚО-да бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ТЖД ескерту жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК филиалының деректеріне сәйкес облыс аумағында 1 қарашада оңтүстік батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, жер-жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

ТЖД халықтың қалыпты  тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады. Еске салсақ, өткен аптада СҚО М. Жұмабаев ауданында «Челябі-Новосібір» жолындағы көктайғақ  ерлі-зайыптылардың өліміне себеп болған еді.