«Қазіргі уақытта ет өндіру тиімді. Аймағымызда адам басына 171 кг ет өндіріледі, бұл біздің қажеттілігімізден 3 есе жоғары көрсеткіш», - деді Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, облыста сүт өндіру саласы дамып келеді.
«Бүгінгі таңда СҚО цифрлық сүт фермаларын дамытуға көңіл аударып отыр. Бізде 17 сандық ферма бар, осы жылы тағы 3 цифрлық сүт кешені салынады. Келесі жылы тағы осындай 10 заманауи ферма салынады. Сүт кешендері арқылы сүт өнімін 20 мың тоннаға арттыру жоспарда бар» - дейді облыс әкімі.