СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Тек өткен тәулікте 97 адам коронавирусты жұқтырды. Қазір облыстағы инфекциялық стационарлар 52 %-ға толған, 434 адам ем алып жатыр.
Қауіпті вирусты жұқтырғандардың 30-ының жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімшесіне жатқызылған олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Коронавирусты жұқтырып, ауруханаға түскендердің ешқайсы да вакцинациядан өтпеген.
Соңғы аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артты. Көз жұмғандардың біреуі – жастан екі ай асқан сәби.
СҚО-да бүгінде 184 295 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Оның 108 446-сы толық курстан өткен.