Қазгидрометтің мәліметтеріне сүйенсек, 29 мамыр күні түнде жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, кей жерлерде оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыс аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түсіп, тіпті бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстікқазақстандықтардың ұялы телефонына бұл айда күн сайын ауа райына байланысты ескерту жарияланған хабарлама келіп жатыр. Ал мамырда «112» қызметінің қолайсыз ауа райын ескерткен хабарламасы 11 рет түскен.
Фото: golos-pravda.ru