«30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз нөсер жауады. Күн күркіреп, дауыл соғады, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болуы мүмкін. Петропавлда 30 шілдеде найзағай ойнап, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыс бағыттан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Бұдан бұрын Ақмола және Қызылорда облыстарында ескерту жарияланған еді.