СҚО-да екі ауданның әкімі жаңадан сайланды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі болып Рүстем Елубаев тағайындалса, Аққайың ауданын енді Жанар Құсайын басқарады.

Фото: СҚО әкімдігі

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа әкімдер ҚР Президенті кімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен тағайындалды.

Фото: СҚО әкімдігі

Ақжар ауданының жаңа әкімі Рүстем Елубаев 1969 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданының Май ауылында туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын «ғалым-агроном» және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Ленин ауданының «Май» кеңшарында тұқым өсіруші-агроном болып бастаған. Түрлі лауазымды қызметте, соның ішінде 2005 жылы СҚО әкімінің кеңесшісі, 2006 жылы Уәлиханов ауданының әкімі, 2007 жылы СҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы, 2009-2013 жылдар аралығында Аққайың ауданының әкімі және СҚО Мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасы жетекшісі болды. Осы тағайындауға дейін ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» облыстық филиалын басқарған.

Осы тағайындауға дейін Аққайың ауданының әкімі қызметін атқарды.

Фото: СҚо әкімдігі

Ал Рүстем Елубаевтың орнына келген Жанар Құсайын 1967 жылы дүниеге келген. 
1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бiтiрген, экономист.

2019 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1988-2002 жылдар аралығында экономиканың шынайы секторындағы мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарында түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2010 жылы СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2020 жылдан осы тағайындауға дейін СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сатып алу басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Фото: СҚО әкімдігі

Бұған дейін СҚО-дағы М.Жұмабаев ауданына Рахат Смағұлов әкім болып тағайындалғанын жазған едік.