Әлеуметтік желіде тұрғындар жаңа жылдан бастап «Петропавл-Булаево» бағытындағы электр пойызының тоқтайын деп жатқанын айтып, шағымданды.
Айтуларынша, бұл туралы көлік машинисі хабарлаған. Жол бойындағы елді мекен тұрғындарының көпшілігі қалаға қатынап жұмыс істейді. Сол себепті, кез келген ауа райында тоқтамай жүретін көліктің бұл түріне сұраныс жоғары.
Қазір Петропавлдан Булаево қаласына электр пойызымен 1,5 сағат ішінде жетуге болады. Билет құны – 1400 теңге шамасында.
Бұған дейін жаңа жыл қарсаңында 3 бағытта қосымша пойыздар жолға шығатынын жазған едік.