СҚО-да емдеу- алдын алу мекемесінде өрт болды, 195 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Кеше, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка ауылындағы «Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында өрт болды, 195 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт үш қабатты ғимараттың (жалпы аумағы 8 мың шаршы метр) 1-ші қабатында орналасқан туберкулез бөлімінің тұрмыстық заттар бөлмесінен 22 сағат 18 минутта шықты. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 24 шаршы метрді құрады. Барлығы 195 адам қауіпсіз жерге ауыстырылды.

Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

От СҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 2 техникасының күшімен 23.42-де өшірілді.