СҚО-да энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы келді

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Андрей Владимирович Калиничев «СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нiң басшысының м.а. болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа басшыны Құмар Ақсақалов әкімдік отырысында таныстырды.

 

Андрей Владимирович Солтүстiк Қазақстан облысының тумасы, 1969 жылы туған. Мәскеу қаласының энергетика институтын инженер-жылу энергетик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы 2-ЖЭО қазандықтардың машинисi болып бастаған.

1996 жылдан 1999 жылға дейiн «Колос» АҚ-да инженер-жылу энергетик болып жұмыс iстедi. 1999 жылы Петропавл қаласының қалалық коммуналдық жылу желiсiнiң жөндеу қызметiнiң инженерi болды.

1999 жылдан 2002 жылға дейiн «Аксесс Энерго» ЖШС-ның басты коммерциялық диспетчер қызметiнiң жетекшi маманы, бастығы болып қызмет еттi.

2003 жылдан бастап 2008 жылға дейiн өндiрiстiк-техникалық бөлiмнiң бастығы, «Аксесс Энерго-транзит» ЖШС-ның бизнес процесстердi дамыту директорының көмекшiсi қызметiн атқарды.

2008 жылдан бастап 2013 жылға дейiн «Петропавл желiлерi» ЖШС-ның бас инженерi, директордың м.а., директор лауазымын атқарды.

2013 жылдан бастап 2014 жылға дейiн Петропавл қаласының «ОАЭК» АҚ-ның өндiрiстiк-техникалық департаментiн басқарды.

2014 жылдан 2015 жылға дейiн «СПМК» ЖШС дамыту директоры болды.

2015 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн «Энкон Север» ЖШС-ның атқарушы директоры лауазымында қызмет еттi.

Соңғы жаңалықтар