СҚО-да энергетика және тұрғын үй басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Данияр Қуанышбаев тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.
Данияр Қуанышбаев 1985 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетті, кейін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдады.
2007 жылы еңбек жолын Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастады.
2008 жылы бас маман болып ауыстырылды, ал 2011 жылы нақты секторды дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болды.
2015 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.
Бұған дейін Қайыржан Қожаев «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанын айтқан едік.