СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 25 маусым күні Тайынша ауданының Горькое елді мекенінде болған. 112 қызметіне ауылдағы үйлердің бірінде пешті дұрыс жақпау салдарынан екі адамның – 1977 жылғы ер адам мен оның 1982 жылғы әйелінің қаза тапқаны туралы хабарлама түседі. Ерлі-зайыпты иіс тиіп, уланып қалған.
Олардың 2007 жылы туған ұлдары ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Қаза тапқандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Мамандардың айтуынша, біре күн бұрын үйдегі пеш жөнделген екен, алайда іс соңына дейін жеткізілмепті. Салдарынан пештен улы газ шыққан.