СҚО-да Есіл өзенінің су деңгейіне қатысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Есіл ауданы Покровка ауылында Есіл өзенінің бойындағы гидрологиялық бекетте су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Судың қауіпті деңгейінің көтерілуі күтілуде. Сағат 12:00-дегі нақты деңгей - 788 см. Қауіпті деңгей - 950 см (өзен арнасынан шығып кетеді).

Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында Есіл өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Өзен арнасынан шығып кету бақылануда. Сағат 12:00-легі нақты деңгей - 1026 см. Қауіпті деңгей 780 см», - делінген хабарламада.